Положения
об отделах с внесением Комплаенс службы
Опубликовано: 17 сентября 2021
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1 - тарау. Жалпы ережелер
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асыру кезінде жәрдем көрсету және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру мақсатында әзірленді.
- Әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленіп, халықаралық тәжірибені ескереді және ұсынымдық сипатта болады.
- Осы Әдістемелік ұсынымдарда ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – квазимемлекеттік сектор субъектісі бөлімшелерінің біріне жүктелетін тиісті ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функция;
- квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
- мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық жағдайында аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттемелерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
- сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.
2 -тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті (бұдан әрі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет) жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына және квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер жұмысының негізгі мақсаты тиісті ұйымның (компанияның) және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттері:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін Заңға сәйкес тиімді іске асыру.
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алу ұсынылады:
1) квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің тиімділігіне мүдделілігі;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау жүйелілігі;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жұмысының ақпараттық ашықтығы;
5) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру.
3 - тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
8. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүктеу туралы шешімді квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы немесе алқалы атқарушы органы (болған кезде) қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы тиісті акт квазимемлекеттік сектор субъектісінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады және ұйымның барлық жұмыскерлерінің назарына жеткізіледі.
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асыруға тартылған квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмыскерлерінің санын ұйымның штат санына байланысты және ұйымның барлық бөлімшелерінде, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектісінің еншілес ұйымдарында, филиалдарында, өкілдіктерінде және өзге де оқшауланған бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функциялары мен міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті мөлшерде айқындаған жөн.
10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің алқалы органға (болған жағдайда) немесе Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген өзге де адамға есеп беруін қамтамасыз ету ұсынылады.
11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жұмыскерінің функционалдық міндеттемелерін, құқықтары мен жауапкершілігін оның лауазымдық нұсқаулығында не жұмыскерлердің қызметтік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын өзге де құжаттарда айқындаған жөн.
12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке мынадай функцияларды жүктеу ұсынылады:
1) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттар мен саясатты әзірлеу және жаңғырту;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
4) мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингтеу және реттеу бойынша шаралар қабылдау;
5) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар санатына жататын квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді Заңға сәйкес сақтауы тұрғысынан мониторинг жүргізу;
6) корпоративтік әдеп құныдылықтарын дамыту;
7) квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік Әдеп кодексін (болған кезде) сақтауын бақылау;
8) «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес азаматтық және бизнес-қоғамдастық институттарының өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
9) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы ақпаратты жария ашуды қамтамасыз ету;
10) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу және/немесе оларға қатысу;
11) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
12) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жәрдем көрсету;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерді мониторингтеу және талдау.
14) квазимемлекеттік сектор субъектісі жасасатын азаматтық-құқықтық шарттарға, оның ішінде сатып алу туралы шарттарға шарт тараптарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, іскерлік әдеп пен парасаттылықтың нормаларын, адал бәсекелестік қағидаттарын міндетті түрде сақталуын көздейтін ережелерді қосуды қамтамасыз ету.
13. Жүктелген міндеттерді іске асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке мынадай құқықтар мен міндеттемелерді беру ұсынылады:
1) ұйымның ішкі құжаттарымен регламенттелген, бекітілген рәсімдер шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелерінен ақпарат пен материалдарды, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын ақпарат пен материалдарды сұрата және ала алады;
2) олардың құзыретіне жататын мәселелерді квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет есеп беретін өзге тұлғаның (органның) қарауына шығаруға бастамашылық жасай алады;
3) ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізуге бастамашылық жасай алады;
4) мемлекеттік бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды өз құзыреті шегінде іске асыруға қатыса алады;
5) олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәжілістер ұйымдастыра және өткізе алады;
6) квазимемлекеттік сектор субъектісі және оның үлестес тұлғалары туралы ақпараттың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған инсайдерлік ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті;
7) сыбайлас жемқорлықтың, корпоративтік Әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша өзге де ішкі саясаттар мен рәсімдерді бұзудың болжамды немесе нақты фактілері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне жүгінген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы бұзудың болуына немесе ықтимал мүмкіндігіне байланысты кез келген жағдайлар туралы квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысын және/немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет есеп беретін өзге де адамды (органды) уақтылы хабардар етуге міндетті;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыра алады.
14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке азаматтар тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың орын алған немесе ықтимал мүмкіндігі туралы ақпаратты хабарлай алатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізе алатын ақпарат арналарын (мысалға, сенім телефоны немесе «қауырт желі») құру ұсынылады.
15. Сыбайлас жемқорлық комплаенс-қызмет жұмыскері мүдделер қақтығысына (қаржылық, мүліктік, туыстық немесе өткізілетін іс-шара шеңберінде қандай да бір өзге мүдделіліктің болуы) әкеп соқтыруы мүмкін іс-шараларға (тексерулерге, қызметтік тергеулерге және т.б.) қатыспауы керек.
16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі ұйым жұмыскерлерін жұмысқа қабылданған сәттен бастап басқа лауазымға тағайындалған кезде, сондай-ақ біліктілігін арттырған кезде (жылына, кемінде, 1 рет) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына жүйелі оқытуды қамтамасыз етуі керек.
Оқыту нысандарын өткізу әдістерін (дәрістер, семинарлар, тренингтер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет дербес айқындайды.
17. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комлаенс-қызметтердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі құжаттарында белгіленеді.
18. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерге әдістемелік және ақпараттық қолдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері көрсетеді.
19. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке сыбайлас жемқорлықтан алдын ала сақтандыру жөнінде жүргізілген іс-шаралар бойынша есепті:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі есеп беретін адамға (органға), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына тоқсан сайын жолдау;
2) жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне квазимемлекеттік сектор субъектісінің ресми интернет-ресурсында орналастыру ұсынылады.
20. Квазимемлекеттік сектор субъектісіне сыбайлас жемқорлықтан алдын ала сақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы өзінің контрагенттерін, іскерлік әріптестерін, азаматтық қоғам институттарын тұрақты негізде хабардар ету ұсынылады.
Методические рекомендации по организации института антикоррупционного комплаенса в субъектах квазигосударственного сектора
Глава 1. Общие положения
Методические рекомендации по организации института антикоррупционного комплаенса в субъектах квазигосударственного сектора (далее – Методические рекомендации) разработаны в целях оказания содействия при осуществлении антикоррупционного комплаенса и формирования единого подхода в реализации антикоррупционной политики в субъектах квазигосударственного сектора.
- Методические рекомендации разработаны в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан, учитывают международную практику и носят рекомендательный характер.
- В настоящих Методических рекомендациях понятия применяются в следующем значении:
- антикоррупционный комплаенс – функция по обеспечению соблюдения соответствующей организацией и ее работниками законодательства Республики Казахстан в сфере противодействия коррупции, возлагаемая на одно из подразделений субъекта квазигосударственного сектора;
- субъекты квазигосударственного сектора – государственные предприятия, товарищества с ограниченной ответственностью, акционерные общества, в том числе национальные управляющие холдинги, национальные холдинги, национальные компании, учредителем, участником или акционером которых является государство, а также дочерние, зависимые и иные юридические лица, являющиеся аффилиированными с ними в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан;
- конфликт интересов – противоречие между личными интересами лиц, занимающих ответственную государственную должность, лиц, уполномоченных на выполнение государственных функций, лиц, приравненных к ним, должностных лиц и их должностными полномочиями, при котором личные интересы указанных лиц могут привести к неисполнению и (или) ненадлежащему исполнению ими своих должностных обязанностей;
- коррупционное правонарушение – имеющее признаки коррупции противоправное виновное деяние (действие или бездействие), за которое законом установлена административная или уголовная ответственность;
- коррупционный риск – возможность возникновения причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений;
- предупреждение коррупции – деятельность субъектов противодействия коррупции по изучению, выявлению, ограничению и устранению причин и условий, способствующих совершению коррупционных правонарушений, путем разработки и внедрения системы превентивных мер.
Глава 2. Цели, задачи и принципы антикоррупционных комплаенс-служб
В субъектах квазигосударственного сектора определяются структурные подразделения, осуществляющие антикоррупционный комплаенс в соответствии с законодательством Республики Казахстан о противодействии коррупции и внутренними документами субъекта квазигосударственного сектора (далее – антикоррупционная комплаенс-служба).
- Основной целью деятельности антикоррупционной комплаенс-службы является обеспечение соблюдения соответствующей организацией квазигосударственного сектора и ее работниками законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции, а также мониторинг за реализацией мероприятий по противодействию коррупции.
- Задачи антикоррупционной комплаенс-службы:
- обеспечение соблюдения внешних регуляторных требований и наилучшей международной практики по вопросам противодействия коррупции;
- обеспечение соблюдения основных принципов противодействия коррупции в соответствии с Законом Республики Казахстан «О противодействии коррупции» (далее – Закон);
- выявление, оценка и переоценка коррупционных рисков;
- эффективная реализация системы мер по противодействию коррупции в соответствии с Законом.
- При осуществлении антикоррупционного комплаенса рекомендуется руководствоваться следующими принципами:
- заинтересованность руководства субъекта квазигосударственного сектора в эффективности антикоррупционного комплаенса;
- достаточность полномочий и ресурсов, необходимых для выполнения задач антикоррупционной комплаенс-службы;
- регулярность оценки коррупционных рисков;
- информационная открытость деятельности антикоррупционной комплаенс-службы;
- непрерывность осуществления антикоррупционного комплаенса в субъекте квазигосударственного сектора;
- совершенствование антикоррупционного комплаенса.
Глава 3. Порядок организации деятельности антикоррупционных комплаенс-служб
Решение о возложении на структурное подразделение субъекта квазигосударственного сектора функций антикоррупционного комплаенса принимается руководителем или коллегиальным исполнительным органом (при наличии) субъекта квазигосударственного сектора.
Соответствующий акт об антикоррупционной комплаенс-службе размещается на официальном интернет-ресурсе субъекта квазигосударственного сектора и доводится до сведения всех работников организации.
- Численность работников субъекта квазигосударственного сектора, задействованных в осуществлении антикоррупционного комплаенса следует определять в зависимости от штатной численности организации и в количестве, необходимом для эффективного выполнения функций и задач антикоррупционной комплаенс-службы во всех подразделениях организации, в том числе в дочерних организациях, филиалах, представительствах и иных обособленных подразделениях субъекта квазигосударственного сектора.
- Рекомендуется обеспечить подотчетность антикоррупционной комплаенс-службы коллегиальному органу (при наличии) или иному лицу, уполномоченному на осуществление контроля за соблюдением норм законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции.
- Функциональные обязанности, права и ответственность работника антикоррупционной комплаенс-службы следует определить в его должностной инструкции либо в иных документах, определяющих служебные права и обязанности работника.
- На антикоррупционную комплаенс-службу рекомендуется возложить следующие функции:
- разработка внутренних документов по вопросам противодействия коррупции в субъекте квазигосударственного сектора;
- разработка и актуализация стандартов и политики в области антикоррупционного комплаенса;
- проведение разъяснительных мероприятий по вопросам противодействия коррупции и формированию антикоррупционной культуры;
- принятие мер по выявлению, мониторингу и урегулированию конфликта интересов;
- проведение мониторинга на предмет соблюдения работниками субъекта квазигосударственного сектора, относящимися к категории лиц, приравненных к лицам, уполномоченных на выполнение государственных функций, антикоррупционных ограничений в соответствии с Законом;
- развитие корпоративных этических ценностей;
- контроль за соблюдением работниками субъекта квазигосударственного сектора антикоррупционного законодательства, а также корпоративного кодекса этики (при наличии);
- проведение внутреннего анализа коррупционных рисков в соответствии с приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 19 октября 2016 года № 12 «Об утверждении Типовых правил проведения внутреннего анализа коррупционных рисков» с привлечением представителей институтов гражданского и бизнес-сообщества;
- обеспечение публичного раскрытия информации о результатах проведенного внутреннего анализа коррупционных рисков;
- проведение служебных проверок на основе обращений (жалоб) о фактах коррупции и/или участие в них;
- координация работы по снижению коррупционных рисков в деятельности субъекта квазигосударственного сектора;
- оказание содействия уполномоченному органу по противодействию коррупции при проведении внешнего анализа коррупционных рисков в деятельности субъекта квазигосударственного сектора;
- мониторинг и анализ изменений в антикоррупционном законодательстве, судебной практики по делам, связанным с коррупцией.
- обеспечение включения в гражданско-правовые договоры, заключаемые субъектом квазигосударственного сектора, в том числе договоры о закупках положений, предусматривающих обязательное соблюдение сторонами договора норм антикоррупционного законодательства, деловой этики и добропорядочности, принципов добросовестной конкуренции.
13. Для реализации возложенных задач рекомендуется предоставить антикоррупционной комплаенс-службе следующие права и обязанности:
1) запрашивать и получать от структурных подразделений субъекта квазигосударственного сектора информацию и материалы, в том числе составляющие коммерческую и служебную тайну, в рамках утвержденных процедур, регламентированных внутренними документами организации;
2) инициировать вынесение вопросов, относящихся к их компетенции, на рассмотрение руководителя субъекта квазигосударственного сектора или иного лица (органа), которому подотчетна антикоррупционная комплаенс-служба;
3) инициировать проведение служебных проверок по поступающим сообщениям о возможных коррупционных правонарушениях или нарушениях законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции;
4) участвовать в разработке проектов государственных программ, нормативных правовых актов и их реализации в пределах своей компетенции;
5) организовывать и проводить совещания по вопросам, относящимся к их компетенции;
6) соблюдать конфиденциальность информации о субъекте квазигосударственного сектора и его аффилированных лицах, инсайдерской информации, ставшей известной в период осуществления функций антикоррупционной комплаенс-службы;
7) обеспечивать конфиденциальность лиц, обратившихся в антикоррупционную комплаенс-службу по предполагаемым или фактическим фактам коррупции, нарушений корпоративного кодекса этики и иных внутренних политик и процедур по вопросам антикоррупционного комплаенса;
8) своевременно информировать руководителя субъекта квазигосударственного сектора и/или иное лицо (орган), которому подотчетна антикоррупционная комплаенс-служба, о любых ситуациях, связанных с наличием или потенциальной возможностью нарушения законодательства в сфере противодействия коррупции;
9) осуществлять иные действия, не противоречащие законодательству Республики Казахстан.
- Антикоррупционной комплаенс-службе рекомендуется создать каналы информирования (например, телефон доверия или «горячая линия»), по которым граждане могут сообщать информацию о наличии или потенциальной возможности нарушения антикоррупционного законодательства в соответствующем субъекте квазигосударственного сектора, либо вносить предложения по повышению эффективности мероприятий по противодействию коррупции.
- Работнику аникоррупционной комплаенс-службы не следует принимать участие в мероприятиях (проверках, служебных расследованиях и др.), которые могут привести к конфликту интересов (наличие финансовой, имущественной, родственной или какой-либо иной заинтересованности в рамках проводимого мероприятия).
16. Антикоррупционной комплаенс-службе следует обеспечивать систематическое обучение работников организации требованиям антикоррупционного законодательства, начиная с момента приема на работу, при назначении на другую должность, а также при повышении квалификации (не реже 1 раза в год).
Методы проведения форм обучения определяются антикоррупционной комплаенс-службой самостоятельно (лекции, семинары, тренинги).
17. Порядок взаимодействия антикоррупционных комлаенс-служб с государственными органами устанавливается во внутренних документах субъекта квазигосударственного сектора в соответствии с действующим законодательством.
- Методическую и информационную поддержку антикоррупционным комплаенс-службам оказывает уполномоченный орган по противодействию коррупции и его территориальные подразделения.
19. Антикоррупционной комплаенс-службе рекомендуется отчет по проведенным мероприятиям по предупреждению коррупции:
1) ежеквартально направлять лицу (органу), которому подотчетна антикоррупционная комплаенс-служба, а также руководителю субъекта квазигосударственного сектора;
2) ежегодно к 10 числу месяца, следующего за отчетным периодом, размещать на официальном интернет-ресурсе субъекта квазигосударственного сектора.
20. Субъекту квазигосударственного сектора рекомендуется на постоянной основе информировать своих контрагентов, деловых партнеров, институты гражданского общества о проводимых мероприятиях по предупреждению коррупци